Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ПЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ПЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарттық агенттігі.

Басқосуда шаһар басшысы қазіргі таңда өңірімізде инвесторларға қолайлы жағдай жасалынып отырғанын еске салды. Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласының Франциямен түрлі салада қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Біз француздардың қаншалықты саяхатқа құмар халық екенін жақсы білеміз. Осыған орай Сіздерді келер жылы қаламызда дүбірлі етіп атап өткелі жатқан іс-шараларға шақырамын. Атап айтар болсақ, Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болады, оған қоса әлемдегі «екінші ұстаз» Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақынымыз Абайдың 175 жылдығы да жоғары деңгейде тойланады.

Туристер үшін таптырмас іс-шаралардың қадірлі қонағы болыңыздар. Бүгінде Шымкент – мегаполис қала. Осыған байланысты біз кез келген сала бойынша Францияның инвесторларына қолайлы жағдай жасай аламыз. Экономикалық, мәдени байланыстарымызды одан әрі өрбіткіміз келеді. Халықтың танымын арттыру мақсатында Францияның Шымкенттегі кино апталығын да ұйымдастыруды ұсынамын», — деді қала басшысы.

Пікір жазу