Бүгінде кез-келген оқу орны үшін сыртқы байланысты орнату маңызды болып саналады. Өйткені, білікті маман даярлауда шетелдің тәжірибесі қашанда кәдеге жарайды. Шымкенттегі Халықаралық гуманитарлық-техникалық Университеті «Бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламасы» аясында Польшалық «AGH» ғылыми-техникалық Университетімен келісім шартқа қол қойды.
Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Екі дипломдық білім беру бағдарламасы студенттердің оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, шетелдік жастармен тәжірибе алмасып, олармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірге дамытуға негіз болмақ. Осы мақсатта . Халықаралық Гуманитарлық-техникалық Университеті Польшаның «AGH» ғылыми – техникалық университетімен мемарандумға кол қойды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Польша делегациясымен қатар Ресейдің Ұлттық зерттеу технололгиялық Университетінен және Қос дипломды білім беру «Силк уэй» Халықаралық университетінің тәжірибелі мамандары қатысты. Польша университеттерінің үздік үштігіне кіретін ғылыми – техникалық университеті өзінің бай тарихымен және заманауи үлгіде жабдықталған материалдық техникалық базасымен ерекшеленеді. Сол себепті де, бүгінгі таңдау осы білім ордасына түсті дейді, — университет ректоры.
Халықаралық Гуманитарлық-техникалық Университеті қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі болып саналады. Бүгінгі таңда онда 5000-ға жуық студент дәріс алады. Шетелдік серіктестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу арқылы, қос дипломды білім алу мүмкіндігін өз студенттеріне ұсынуда.
Меморандумның негізінде екі Университет арасында жеке оқу жоспары әзірленеді. Студенттер шетелдік жоғарғы оқу орнында 4-курс бакалавриат немесе 2 курс магистратурада білім алуға мүмкіндік алады.