Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мырзаның осы лауазымға тағайындалғанына 100 күн толды. Бұл соншалықты көп уақыт та емес шығар. Десе де, қызметіне кіріскеніне 100 күн толып отырған Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына елеулі үлесін қосып үлгерді. Әкім келген бетте-ақ жұмысының басты бағытын ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаланың шалғай елді-мекендерін дамыту мәселесіне ден қоюдан бастады.
Осы уақыт аралығында шаһар басшысы халықпен жиі жүздесіп, қандай мәселе туындаса да, тұрғындардың жағдайын назардан тыс қалдырмады. Мұны сөзімен де, ісімен байқатып келеді.
Шымкент – тіршілігі қайнаған алып шаһар ғой. Уақыт өткен сайын қалада халық игілігіне беріліп жатқан әлеуметтік нысандар саны артуда. Мұның бәрі қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Әкім жұмыс барысында тұрғындарды толғантып отырған басты проблемалар – қажетті инфрақұрылымдар, атап айтқанда сапалы ауыз су, газбен жабдықтау, электр қуаты, жол, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі, қоғамдық көлік мәселесі алдыңғы кезекте шешілуі керектігіне мән берді және осы жұмыстарды жүйелі қолға алуды талап етті.
Ерлан Қуанышұлы «…жергілікті билік, қаланың әр тұрғынына, олардың тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, бірдей жағдай жасауы қажет, яғни өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, бұл – Елбасымыз және Президентіміздің әкімдерге қойған басты талабы», деп ашып айтты.
Бір сөзбен айтсақ, бүгінде Шымқалада шешімін тапқан шаруа көп.
С.Тастанбек