Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық
демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамымен Шымкент қаласының политехникалық колледжінің студенттерімен «Кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасында ерте жастан некеге тұру туралы» тақырыбында жиын өтті.

Бұл туралы әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ақпаратына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Жиынға Шымкент қаласының АХАТ бөлімінің қызметкері, қалалық кардиологиялық орталықтың дәрігері,«Ана үйі», «Сана сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері қатысты.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында жастар арасында ерте некеге тұру, ажырасу деңгейі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны мәлім.

Осы орайда, жастармен кездесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, кәсіби түрде пікір алмасу қазіргі таңда қажет-ақ.
Кездесу барысында көтерілген мәселе бойынша студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, толық жауап берілді. Алдағы уақытта бұл іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Пікір жазу