Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте «Тұғыры биік тұлғалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өуде

Шымкентте «Тұғыры биік тұлғалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өуде

Шымкент қаласында Ел газеті — «Egemen Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойына орай Алаш арыстары Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған «Тұғыры биік тұлғалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.


Тарихи мән-маңызы жоғары жиынға Шымкент қаласының әкімі Erlan Aitakhanov қатысып, қос арыстың ұлттық мүдде жолындағы еңбектерін өскелең ұрпаққа үлгі етуге шақырды.


Конференцияны тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент – мүшесі, Халықаралық түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газеті» басқарма төрағасы Darhan Qydyráli жүргізіп, ойлы оқырмандарды еліміздің бас басылымының ғасырлық мерейтойымен құттықтады.
Конференцияға профессор Оразалы Сабден, Бейбіт Қойшыбаев, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі Тұрсын қатысып, тарихи деректерге бай баяндама жасады.


Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың бас газетінің қалыптасуына еңбек еткен Алаш арыстарын тануға арналған жиындар мен ғасырлық басылымның мерейтойына арналған түрлі деңгейдегі мерекелік шаралар көптеп өткізілуде.

Пікір жазу