Шымкенте «Тұран» шағынауданына апаратын жолдың бір жақ беті пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім етті.
– Ерлан Қуанышұлының тапсырмасымен «Тұран» шағынауданына автобус жүрді. Бұған дейін көліктердің кешігуі, ерте тоқтап қалуы автобус қатынай бастаған күннің ертесіне орын алған болатын. Мен ол мәселені қала басшысына жеткіздім. Тиісінше, Ерлан Қуанышұлы жауапты басшыларға сөгіс беріп, мәселе қазірде оңтайландырылды. Жақын 10 күндікте Тұранға апаратын жолдың бір жақ беті пайдалануға беріледі. Нәтижесінде көлік қатынасы қалыпқа келетін болады, — деді Қаратау ауданының әкімі.
«Қазіргі таңда Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр», — деді аудан әкімі брифинг барысында.
Сонымен қатар, Абзал Шымкентбайұлы Сайрам тұрғын алабындағы құрылысы жүріп жатқан облыстық маңызы бар 4 көшені де ағымдағы жыл соңына дейін пайдалунға беру жоспарда екендігін атап өтті.