Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕЛ ГАЗЕТІ «ЕГЕМЕНГЕ» — 100 ЖЫЛ!

ЕЛ ГАЗЕТІ «ЕГЕМЕНГЕ» — 100 ЖЫЛ!

Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің басшылығы мен ардагер тілшілер Шымкент қаласының оқырмандарымен жүздесті. Танымал қаламгер Мархабат Байғұт айтқандай, «Байтағымыздың бас газетінің» 100 жылдығына арналған кездесу «Отырар» кітапханасында өтті , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Н.Бектаевтың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Алқалы жиынға «Egemen Qazaqstan» жалпы ұлттық республикалық газеті басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі, ел газетінің ардагерлері Сүлеймен Маметов пен Қарашаш Тоқсанбай, Оңтүстік өлкесі мен үшінші мегаполистің танымал қаламгерлері, белгілі журналистер, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, БАҚ өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.

Жүздесу барысында ардагер тілшілер естеліктерімен бөлісіп, ел тарихындағы ерекше орны бар, тарихы бір ғасырлық газеттің республика өміріндегі алатын орны мен маңызы туралы сөз болды. Оқырмандар мен жас ұрпаққа жеткізілді.

Ал басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы қонақжай дәстүрмен мәртебелі меймандардың иығына шапан жапты.

Айта кетейік, «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихы 1919 жылдың 17 желтоқсанынан басталады. Сол күні «Ұшқын» газетінің алғашқы саны жарық көрген болатын. Содан бері басылым «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Еңбекшіл қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» деген атаулармен жарық көріп келді.

1991 жылдың маусымында басылымның аты «Егеменді Қазақстан» болып өзгерді. Ал 1993 жылдың қаңтарынан газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Осы атаумен 23 жылдан бері шығып келеді.

 

Пікір жазу