Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Н.БҰХАРБАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Н.БҰХАРБАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Алғаш рет өткен қоғамдық қабылдауға Ибрахим Әлсерке, Байсариева Роза, Жакашев Мұхтар және Сейтінбек Жарқынбек есімді азаматтар жазылды. Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша хаттама толтырылды.

Қала тұрғыны Роза Байсариева Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақтағы бірқатар мәселені көтеіп, «Шымкент қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев қызметтік билігін асыра пайдалануда» дейді. Оның айтуынша А.Татыбаев басқармаға келген күннен бастап дендросаябаққа тек туыс, таныс-тамырларын жұмысқа алған. Қажет болса телефонымда фактілерім бар деді. Сондай-ақ дендросаябақтағы штаттық кестені өзгертуге тапсырма беруді доғарсын, жұмыс істеуге мүмкіндік берсін деп өз мәселесін айтты.

Ибрахим Әлсеркені нан бағасының қымбаттауы алаңдатады. Оның сөзінше елімізде нан бағасын көтеруге негіз жоқ, себебі Қазақстан әлемде ұн экспорты бойынша алдынғы елдердің қатарында дейді. Одан бөлек наубайханалардағы жұмысшылар ақ халат кимейтінін, нан таситын автокөліктер стандартқа сай емес деп ашынды.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай мәселелер қоғамдық кеңестің алдағы отырысында қаралып, тиісті басқармалар аталған проблемалар бойынша өз жауаптарын беретінін жеткізді. Бақылаушы ретінде Ибрахим Әлсеркеге кеңес отырысына қатысуға болатынын айтты.

Пікір жазу