Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ «ШЫМКЕНТ» АРНАЙЫ

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ «ШЫМКЕНТ» АРНАЙЫ

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі басылымда «Шымкент» арнайы қосымшасы  жарық көретінін айтты, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Мұндай маңызды жаңалықты газеттің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ел басылымының 100 жылдығына орай Шымкент қаласындағы оқырмандарымен кездесуде тілге тиек етті.

–Ел газетті «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойын жыл басынан бері атап өтудеміз. Ал оқырмандармен кездесуді Шымкент қаласынан бастадық. Бүгінде басылымның 50 мың оқырманы, атап айтқанда, төрттен бірі де осы оңтүстіктен. Сондықтан осы өңір оқырмандарға деген құрметіміз өте жоғары. Шымкентке зор ризашылықпен келіп отырмыз. Таяуда қала әкімі Ерлан Қуанышұлымен әңгімелескеннен кейін газет жанынан «Шымкент» деген арнайы қосымшасын шығаруды жоспарлап отырмыз,- деді бас басылымның төрағасы.

Сонымен қатар, аталған қосымшада қаланың 2020 жыл ТМД елдірінің мәдени астанасы аясында ұйымдастырылған шаралар және қаланың өзге де ақпараттары жарияланатынын жеткізді.

 

Пікір жазу