Еңбекші ауданында «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қамбарбеков, Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков және қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.
Жиында Сайрам ауданынан қалаға қосылған аумақ тұрғындарының ұсынысы мен жердің орналасуы, үй салу, т.б. қордаланған мәселелер бойынша сөз қозғалып, кезінде ауыл шаруашылығына пайға берілген жерлерді бөліп сатқан, сол жерлердің барлығына Заңсыз тұрғын үй салып алған проблемалар көтеріліп, басқарма басшысына сұрақтар қойылды.
Басқарма басшысы өз кезегінде елдімекен тұрғындарының барлық сұрақтарына жауап беріп, кейбір мәселелер жиын барысында шешімін тауып жатты.
Әрине, қарапайым халықтың жанайқайы қағазбастылықтың кесірінен бітпей, қаншама жанның әуре- — сарсаңға салынатыны белгілі. Осы мәселелерді жай қалдырмай, ашық кездесу ұйымдастырған «Nur Otan» партиясына, тиісті басқармаға, мәслихат депутаттарына елдімекен тұрғындары ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, жиында жол, жарық, транспорт мәселелері де көтерілді.