Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент қаласы — ТМД елдерінің мәдени астанасы

Шымкент қаласы — ТМД елдерінің мәдени астанасы

Алдағы жылы шырайлы қаламызда көптеген шаралар өткізілмек. Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы дәрежесін 9 желтоқсанда Белоруссияның Брест қаласынан салтанатты түрде қабылдап алады. Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі М.Кенжебайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

«Келер жылы мәдени астана атануымызбен қатар атаулы мерейтойларды атап өту іс-шаралар жоспары бекітілді. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың 750 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және жерлесіміз, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығын атап өтетін боламыз.

Осы айда ЮНЕСКО елдерінің Париж қаласындағы басқосуында Шымкенттің 2200 жылдық тарихы туралы тарихи шешім қабылдануын күтіп отырмыз. Яғни, алдағы жылы Шымкенттің 2200 жылдығы да тойланады»,- деді Ғ.Аликенқызы.

Пікір жазу