Келесі жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ. Іс-шара аясында, мемлекеттердің гуманитарлық-ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қор директорының орынбасары Эльвира Доля Бресттегі қорытынды концертте ТМД елдерінің барлығынан өнерпаздар өнер көрсететінін мәлім етті.
Бұл туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі М.Кенжебайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
«Оның ішінде Шымкент қаласынан Айбек Қанатбек атты әнші симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Кеңес кезіндегі екі әнді орындайды. Жаңа жылдан кейін сіздерге келіп, ауқымды іс-шаралар легін бастаймыз», — дейді Эльвира Рафиковна.
Сонымен, ол қандай іс-шаралар? Ескі қалашықтағы құрылыс кезең-кезеңімен іске асырылуда. Амфитеатр мен Визит-орталық келер жылдың наурыз айына дейін пайдалануға берілмек.
«Егер сала мамандары құрылысын аяқтап үлгермей жатса, онда келуші қонақтар құрылыстың барысын өз көздерімен көретін болады»,- деді Ғ.Шарафиева.
Бұдан бөлек, Наурыз алаңы жақта этноауыл бой көтермек. Бас редакторлар клубы жұмысын бастамақ.
Брифинг барысында басқарма басшысының м.а. Ғалия Аликенқызы қазақ театрларында шығармашылық ізденістің аздығын тілге тиек етті. Себебі, біздің қаламыздағы өнер ошақтарында кәсіби режиссерлер жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында алдағы уақытта жас драматургтердің арасында шығармашылық байқау жарияланбақ.