Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ САУДА ФОРУМЫ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ САУДА ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласында алғаш рет тоғызыншы Орталық Азия сауда форумы басталды. Екі күнге жалғасатын халықаралық бизнес-іс-шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен АҚШ Халықаралық даму агенттігі өткізіп отыр.

«Жеміс-көкөніс секторындағы инновациялық және инвестициялық тәсілдер» тақырыбында өтіп жатқан ауқымды шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер, қала әкімі Ерлан Айтаханов пен 500-ден астам компания басшылары, мемлекеттік сектор өкілдері мен Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа және АҚШ-тың салалық сарапшылары қатысуда.

Іс-шараның ашылуында сөз алған қала басшысы Е.Айтаханов бүгінгі халықаралық форумның маңыздылығына тоқталып, Шымкент қаласының инвестициялық және экспорттық әлеуетін атап өтті.

«Бүгінгі форум бизнес-қауымдастыққа 70 миллионнан астам әлеуетті клиенттері бар Орталық Азияның дамып келе жатқан нарығындағы жеміс-көкөніс саласындағы жаңа әлеуетімен танысуға және Шымкент қаласына көптеп инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Біз мемлекет қорынан бөлінетін қаржыға қарап қалмай, әлеуметтік және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мен туризм саласына әлемнің барлық елінен инвестиция тартып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоғарлатуымыз қажет», — деді Ерлан Қуанышұлы.

 

Асхат Әссандидің фоторепортажы.

Пікір жазу