Шымкент қаласында сырға толы кездесу өтті, деп жазады didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, жазушы, журналист, «Отырар» қалалық ғылыми — әмбебап кітапханасының директоры Айдарбекова Күлия Смайылханқызымен «Перзенттік парыз» атты жастармен кездесу кеші өткізілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған шараға қатысқан жастар мәдениет қайраткерін тапжылмай, мұқият ұйып тыңдап, көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұщымды, әрі ұтымды, толыққанды жауабын алды.
Тәрибелік мәні мен маңызы мол кездесуде ақын Кендебай Ахат сөз алып, Күлия Смайылханқызының шығармашылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар, біршама кешке қатысқан қонақтар Күлия әпкеме шығармашылық табыс тілеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Екі сағаттан астам уақытқа ұласқан тағылымы мол кешті жас айтыскер — ақын Біржан Байтуов жүргізді.
Рухани азық алған жастар кеш соңында Күлия Смайылханқызымен естелік суреттерге түсіп, тарқасты.
(Ә.Ә.)
Азат Дидарбектің фоторепортажы