Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЖЕРҮСТІ ӨТКЕЛІ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: ЖЕРҮСТІ ӨТКЕЛІ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлеповтің қатысуымен жоспарланған брифинг өтті.

Жиында Ғалымжан Әнуарұлы Төлепов ауданның 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік — экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баяндады.

Қазіргі таңда осы аудандарда өзекті мәселеге айналып отырған жағдайлар ретімен өз шешімін тауып келеді. Оның ішінде Мангельдин — Темірлан тас жолы қиылысындағы өтпелі көпірдің де 2020 жылы бітетіні туралы айтылды. Өтпелі көпірдің үсті жабық жасалынады. Өтпелі көпірдің мердігерлері «Алеф-А» мекемесі жұмысты өз кезегінде тездететін болмақ.

Сонымен бірге, аудан аумағында 2019 жылы 21 көшеге асфальт төселіп, тиісті жұмыстар жалғасын табуда. Ал, 2020 жылға аудандағы 59 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Құжаттар қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бюджетті нақтылау жоспарына ұсынылғанын жеткізді.

Брифингке қатысқан БАҚ өкілдері аудан әкіміне халықтың кқкейінде жүрген бірқатар сұрақтарды қойды, аудан әкімі Ғалымжан Әнуарұлы өз тарапынан қажетті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі толықтай ұсынылатынын атап өтті.

Пікір жазу