Қыс мезгілі түсісімен көптеген көптеген оқиғалардың орын алатыны белгілі. Осы орайда, тиісті сала мамандарының қала тұрғындарына тағы да бір ескертіп, жазатайым жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды өткізуде.
Күз-қыс мерзіміндегі өрт қауіпті негізгі сұрақтардың бірі-тұрғын-үй аумағында, қонақ үй және жатақханаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еңбекші аудандық ТЖ бөлім қызметкерлері жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігіне ерекше көңіл аударуды қадағалауда.
Қазіргі таңда маусымдық жұмыс «Жылыту. Тұрғын үйлерді жылыту» шеңберінде жұмыс жүріп жатыр, бөлімнің барлық қызметкерлері тұрғындармен кездесіп профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Осындай іс-шаралар Жұлдыз, Далабазар,Текесу тұрғын алаптарында өтті. Осындай іс-шаралар кезінде тұрғындарға күз-қыс мерзіміндегі өрт қаупінің негізгі талаптары ескертіледі, сонымен қатар электр жылытқыш қондырғылар және газ құрылғыларын қолдану ережелері туралы ақпаратты жете түсіндіріп, тұрғындарға жадынамалар таратылады.
ТЖ офицерлері аудандағы орын алған өрт жағдайларын мысалға ала отырып өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін айтып, адамдардың көп шоғырланған орындарында өрт орын алған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді, сонымен қатар өрт сөндіру және құтқару қызметін шақыру сымтетіктерін естеріне салды- 101 және 112.