Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПСИХОЛОГПЕН САБАҚ

ПСИХОЛОГПЕН САБАҚ

Өрт сөндіруші мамандығы заманауи қоғамда тек жауапты және қажетті мамандықтардың бірі ғана емес, қиын және қауіпті болып табылатындығына күмән жоқ. Сондықтанда ең қиын жағдайларда төзімділік таныту және жауапты шешім қабылдай алу — мамандықтың бөлінбес бір бөлшегі. Бұл қасиеттерге ие болуға өзара көмек қолын созу және жауынгерлік достардың қолдауы ғана емес, және де психологпен сабақ құрамының бірі болып табылатын мамандандырылған дайындықта көмектеседі.


Осы орайда жедел — құтқару жасағының бас құтқарушы — психологы А. Дүмшебаева КТИ Шымкент қ. аймақтық оқу орталығының тыңдаушыларына «Жанжалды жағдайларда мінез — құлық ережелері», «Стресс және стреспен күресу жолдары», «Терроризм психологиясы», «Экстремальды жағдайларда тірі қалудың психологиялық негіздері» тақырыптарында сабақ өткізді.
Мұндай әрбір сабақ психологиялық бағыттағы жағдайлық мәселелерді талдаудан, тесттік тапсырмалардан, зардап шегушілерге психологиялық көмек көрсету дағдысын машықтаудан және өрт сөндірушілерге күнделікті жұмысына қажетті басқада маңызды аспектілерден тұрады.

Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу