Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында «Медицина жаныңызда» атты акциясы өтуде. Ауқымды акция аясында Шымкент қаласында дәрігерлерден құралған бригада қаланың шетінде орналасқан шағын аудандарға барып, медициналық қызмет көрсетуде. Жоспар бойынша мамандар қараша айының 11-18 аралығында қаланың шетіндегі шағын ауданға барып, қабылдау жүргізуді бастап кетті.
«Сауле» шағын ауданында 14.11.2019 жылы сағат 09:00 мен 13:00 аралығында халыққа медициналық қызмет көрсетіледі.
«Жұлдыз» шағын ауданында 15.11.2019 жылы сағат 09:00 мен 13:00 аралығында халыққа медициналық қызмет көрсетіледі.
«Пахтакор» шағын ауданында 18.11.2019 жылы сағат 09:00 мен 13:00 аралығында халыққа медициналық қызмет көрсетіледі.
«Медицина жаныңызда» акциясы бойынша невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог / онколог, стоматолог мамандары тұрғындарды жолдамасыз қабылдап,медициналық тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Осы орайда, шымкенттік дәрігерлер мамандарының елді мекендерді аралап, қабылдау жүргізіп жатқан ауқымды шарасынан қапы қалмай, жолдамасыз тиісті кеңестерін алуды ұмытпаңыздар.