Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫҢ «МОБИЛЬДІ ТОБЫ» ҚҰРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫҢ «МОБИЛЬДІ ТОБЫ» ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жанынан шалғай аудандардағы жастарға ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мобильді топ» құрылды.

Топтың жұмысы негізгі 4 бағытта жүруде: талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, психологиялық көмек және аутрич, NEET жастармен жұмыс бағыттары.

Бұл топтың артықшылығы — шалғай елдімекендегі жастар орталыққа келмей-ақ өздеріне қажет мәліметтер мен көмектерді толық ала алады, сондай-ақ, олармен түрлі деңгейдегі ашық сұхбат алаңдарын құру арқылы, жастардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігі арта түспек. Мобильді топ 1000-ға жуық жасқа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласында көптеген жоғары және орта арнаулы оқу орындары орналасқан. Осы орайда, шалғай ауыл-аймақтардан, еліміздің басқа да өңірлерінен білім алуға келген жастармен – жастар тілінде сөйлесіп,  оларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Бұл шара тек жастар жылымен ғана шектелмей, алдағы жылдары да жалғасын табады деп сенім білдіреміз.

Пікір жазу