Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің теолог маманы Кенжебек Рысбековтың қатысуымен Шымкент қаласы, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-і Бақылау кеңесінің төрағасы Орман Анарбек Оңғарұлының бастамасымен, серіктестіктің асханасында, Жерлеу мен ас беру кезіндегі ысырапшылдықты жою үшін, «Жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі» тақырыбындағы үндеуді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталған дөңгелек үстелге Шымкент қаласы бойынша ҚМДБ-ға қарасты өкіл имамы Б.Бейсенбай, 4 ауданның имамдары, БАҚ өкілдері мен «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-інің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында, Жерлеу мен ас беру кезіндегі ысырапшылдықты жою, әдеп — ғұрпымыз бен салт — дәстүрімізді сақтай отырып, бірізділікке ат салысу. Осы жөнінде жауапкершілікті тек қана имамдарға ғана жүктеп қоймай, жұмыла көтерген жүк жеңіл, осы тақырып төңірегінде тақырыптар талқыланып, сөз қозғалды.