Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Ардагерлерді ардақтайық!

Ардагерлерді ардақтайық!

Бүгінде қаламызда Ұлы Отан соғысының қатысушыларынан саусақпен санарлықтай ғана ардагер қалды. Ал, ардақты ардагерлерге деген құрмет тек мамыр мерекесі қарсаңында емес, жыл бойы жүргізілуі тиіс.

Осы орайда, қарт майдангерлердің жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді, бір мезгіл қолғабыс етуді  «Jas Otan» ЖҚ ШҚФ апта сайын әдетке айналдырған. Бұл аптада шараға SilkWay университетінің белсенділері Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай еңбек еткен Қазыбаев Абылай ардагердің шаңырағында болды.

Ғасырға жуық жасаған ардагер қариямыз, жастарға айтқан әңгімесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі сұрапыл күндерді еске алып, жастарға бейбіт өмірді бағалауға, оның қадірін білуге және талмай еңбек етуге кеңес берді.

Халыққа бейбітшілік сыйлаған бұл ержүрек адамдар үшін не істесекте артықтық етпейді. Еліміздің бейбіт те тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардагерлеріміздің арқасы деп білеміз. Бүгінде сол еңбектерінің зейнетін көріп, ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетуде.

Пікір жазу