Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ — ҚҰРМЕТ!

ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ — ҚҰРМЕТ!

Шымкент қаласының тұрғыны Муталхан Байырбеков ағымдағы жылдың қыркүйек айында Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, сол айда «Жас кәсіпкер» жобасымен оқуға жолдама алған. Бір айлық оқуын тәмамдап, Мемлекеттік 505 мың теңге грантына құжат өткізіп, бизнес жоспарын сәтті қорғап шыққан ол грантқа қол жеткізген. Алған қаражатына ағаш өңдеуге арналған жабдық сатып алып, домбыра шығару ісін жандандырып отыр.

Муталханның шағын цехында қазірге екі адам жұмыспен қамтылып, олар айына 30-40 дана домбыра жасап шығаруда. «Дайын өнімге сұраныс көп. Домбыраға негізінен жеке тұлғалар, түрлі мекемелер мен өнер адамдары тапсырыс беріп жатыр»,- дейді грант иегері.

Айта кету керек, Муталхан 2007 жылы Өзбекстаннан көшіп келген. Ол алдағы уақытта шеберханасын кеңейтіп, тағы да 5-6 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. «Маған 5-6 азамат керек. Домбыра жасауды үйретемін. Қосымша айына 50-60 мың теңге айлығын төлеп отырамын. Үйреніп алған соң жалақысын 80-90 мың, тіпті 100 мың теңгеге дейін көтеруге дайынмын», — дейді Муталхан Байырбеков.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ

Пікір жазу