Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Жастар тәжірибесі» — жастарды жұмыспен қамтуға жасалған мүмкіндік

«Жастар тәжірибесі» — жастарды жұмыспен қамтуға жасалған мүмкіндік

Жастардың әлеуметтік — экономикалық проблемаларын шешуге қолдау жасап, көмек көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сондай-ақ, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, соның ішінде жастардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсаты тұр.


Шымкент қаласы бойынша аталған бағдарламамен жоспар бойынша 2795 жасты қамту қажет болса, 9 айдың өзінде 3280 жұмыссыз жасқа жолдама берілген. Олардың 248-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл жұмыс Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жүзеге асырылып отыр.
Жалпы, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жұмысқа тұрған жастарға алдына қойған мақсаттарына жету үшін үлкен мүмкіндік береді және сол мүмкіндікті пайдалан отырып, олар мемлекетік қызметке немесе басқа да меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмысқа тұру үшін өте жақсы мүмкіндік. Айта кету керек, бұл жұмыс уақытша сипатқа ие, ұзақтығы 6 айдан аспайды. Десек те, сол уақыт аралығында өзін жақсы жағынан көрсеткен, жұмысты тиянақты атқарған жастар жұмыс берушінің ұйғарымымен тұрақты жұмысқа қалдырылады.
Жобаға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, бағдарламаны ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз жастарды «Жастар тәжірибесіне» жіберуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ,
Шымкент қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығының
баспасөз хатшысы

Пікір жазу