Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы болып Әшірбеков Берік Айдарұлы тағайындалды, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарттық агенттігі.
Атап айтсақ, жаңа басшы осыған дейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
Б.Әшірбеков 1986 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша инженер.
Еңбек жолын 2005 жылы Созақ аудандық жер кадастр бюросының маманы болып бастаған. 2008-2016 жылдары «Астана қала FӨО жер» ЕМК МЖК ААЖ орталығының маманы, жер кадастр бөлімінің маманы, директордың көмекшісі, өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы жер учаскелерін рәсімдеу бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан ҒӨО жер филиалы директорының орынбасары, Шымкент қаласы жер қатынастар бөлімінің нұсқаушысы, өндірістік сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылы «Алматы тазалық» МКМ-сі директорының орынбасары қызметін атқарған.