Қазақ-өзбек қатынасы беки түспек. Шымкент билігі Өзбекстанның Бұхара облысының жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесіп, екі жақты келісімдерге қол қойды, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Мақсат – сауда экономикалық байланыстарды арттыру. Өзбекстандық делегация Шымкентте күні кеше ұйымдастырылған халықаралық форумға қатысқан болатын. «Басқосудан алған әсеріміз ерекше»,- деді көрші ел өкілдері. Өндірушілер арасындағы әріптестік. Интенсивті бау-бақша өнімдері. Қонақүй бизнесі мен туризм. Тараптар арасында айтылған әңгімелердің өзектілері осылар болды.
Нұрсадық Ергешбек — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: Нарықта біз үшін Өзбекстан — стратегиялық маңызы бар ірі серіктес. Екі ел арасындағы сауда-саттық байланыстың беки түскеніне соңғы көрсеткіштер нақты дәлел. Өздеріңіз білесіздер. Миилонды қала атандық. Біздің шаһардан бәсекеге төтеп беретін сапалы тауарлар шығады. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жөні бір бөлек. Агроиндустриалды аймақ құру жоспарымызда бар. Сіздердің кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай орнатуға оң қабақ танытудамыз.
Бұхара — Өзбекстанның туристік әлеуеті зор аймақтарының бірі. Қазір онда 650-ден астам тарихи орындар бар. Шетелден қонақтар жиі ағылатын аймаққа тамақ өнеркәсібін өркендетіп, қаланы жан-жақты дамыту керек-ақ. Осыны ойға алған өзбекстандық делегация шымкенттік әріптестерін тәжірибе алмасуға шақырды.
Джамал Насыров – Бұхара облысы әкімінің орынбасары /Өзбекстан/: Өздеріңіз білесіздер, Кәсіпкерлікте жалғыз даму жоқ. Үнемі ізденіс пен тығыз әріптестік байланыс орнағанда ғана экономикамыз дами түспек. Сол үшін біз Бұхара облысының атқарушы билігі қазақстандық кәсіпкерлерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Шикізат өңдеу саласында көптеген мүмкіндіктер бар. Бірлесіп, іс бастасақ, ұтылмасымыз анық.
Шымкент келер жылы — ТМД елдерінің мәдени астанасы болмақ. Жергілікті билік өкілдері бұхаралық әріптестерін осы шараға белсенділік танытуға шақырды. Алда алқалы мәжіліс. Екінші халықаралық форум өтпекші. Шара аясында бірқатар келісім құжаттарына қол қойылмақ.