Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАМАСЫ

ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАМАСЫ

Катар астанасы Доха қаласында оқ атудан Азия чемпионты жалғасып жатыр. Шымкент қаласының спортшысы Сәрсенкүл Рысбекова командалық есепте алтын, жылжымалы стенд атудан күміс медалді иеленіп, Токио олимпиадасына берілетін жолдаманы жеңіп алды. Бұл Шымкент қаласы бойынша алғашқы жолдама болып отыр, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының  материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко және Сәрсенкүл Рысбековалар Қытай және Тайпей спортшыларын артқа тастап, Азияның чемпионы атанса, жекелей сында күміс медалді жеңіп алған Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан алғашқы жолдаманы қоржынға салды. Ол финалда тәжірибелі ливандық спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Сәрсенкүл спортшылар отбасында тәрбиеленіпті. Атасы Тұрсынбек Рысбеков көп жылдар облыстық бокс федерациясын басқарған елге белгілі азамат. Бокстан Қарақозы Әбдәлиев атындағы халықаралық турнирдің негізін қалаушы.Әкесі Қанатта спортшы, «Ордабасы» командасының жалынды жанкүйерлерінің бірі. Спортшы қала бойынша Токио олимпиадасына берілген бірінші лицензияның иегері.

Ол Бауыржан Тұманбаев басқаратын олимпиада ізбасарларын даярлайтын орталықта тәрбиеленді, оның бапкері ҚРЕССЖ Александр Хасянов, ОҚМУ студенті. Еліміздің мерейін асырған спортшыларды Шымкент әуежайынан құрметпен қарсы алып жатқанда Дохада тағы бір спортшымыз нысана көздеуден Жоғары спорт шеберлігі мектебінің мергені Юрий Юрков олимпиадаға берілетін тағы бір жолдаманы жеңіп алды.

 

Пікір жазу