Мәселе — мақұлмен емес, ақылмен шешіледі. Шымкентте мектеп лидерлерінің алғашқы самиттіне қатысқандар осылай дейді. «School Leaders Summit»тақырыбымен өткен жиынға қаламыздың 20 мектебінің көсбасшылары бас қосып, ойларын тоғыстырды. Самиттің негізгі мақсаты: Өзін-өзі басқару ұйымдарының бір-бірімен тәжірибе алмасу.
Бұ лтуралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Ұ.Байниязованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылған самитке 20-ден астам белсенді жас қатысты. Жиында ғаламдық өзекті мәселелер, халықаралық қатынастардағы жаңалықтар, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен әлімжеттік, «Ұят» менталитеті, «Рухани сабақтар» сияқты мәселелер кеңінен әңгіме болды. Жиынға қалалық Отбасы басқармасының төрағасы- Жандос Қалтаев пен жастар мәслихатының депутаттары да арнайы қатысты.
Жиын барысында қатысушылар жастар арасындағы түйінді мәлелелерді көтеріп, оның шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, орта және шағын кәсіпкерлікте асығы алшысынан түскендер озық тәжірибелерін ортаға салды.
Бірінші рет шымылдық түрген шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тәжірибесін шыңдап, ресми келіссөздер жүргізуге машықтанды. Маңызды қарар қабылдап, жаhандық өзекті мәселеге өз үндерін қосты.