Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Қос өнердің Қанаты» атты кітап-альбомның тұсауы кесілді

«Қос өнердің Қанаты» атты кітап-альбомның тұсауы кесілді

Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында қазақ мәдениеті мен өнерінің тарихындағы тұғыры биік тұлға, жарқын талант иесі, сөз өнерінің тізгінін ұстанған танымал ақын Қанат Қалқабайдың шығармашылығына арналған жиын өтті. Шара барысында «Қос өнердің Қанаты» атты кітап — альбомның тұсауы кесілді, деп жазады  «OŃTÚSTIK  арнасы» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Қанат Қалқабай 1953 жылғы қаңтардың бірі күні  Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Оңтүстік ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты облыстық суретшілер одағында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. Көзі тірі болғанда биыл 67 жасқа толар еді.

Бүгінде атпал азаматтың шығармашылығын дәріптеп жүрген азаматтар көп. Соның бірі – Темірғали Көпбай. Үзеңгілесі ақынның артында қалған өнер мұрасын зерттеп, жинақ етіп шығарды. «Қос өнердің Қанаты» атты кітап-альбомнан Қанат Қалқабайдың қолынан шыққан көптеген шеберліктері мен өлеңдерін көруге болады.

Қолтаңбалы қолөнер шебері, ақын Қанат Қалқабайдың шығармашылығы дәріптелген жиында үзеңгілестері естелік әңгімелермен бөлісті. Айта кетейік, бүгінде суретшінің шығармашылық жұмыстары көптеген елдердің өнер мұражайлары мен жеке жинақ қорларында сақтаулы.

 

Пікір жазу