Шымкентте балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту ісі қарқынды. Оған мемлекеттік — жекеменшік әріптестік негізде қызмет етіп отырған балабақшалардың ықпалы зор. Сапалы білім мен саналы тәрбие беруде көш бастап отырғандары да бар. Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Ортайызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тәрбие – тал бесіктен. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды.
Қазір бөбектерге анағұрлым жан - жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізіледі. Соның нәтижесінде тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.