Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛАП КҮШЕЙДІ

ШЫМКЕНТ: КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛАП КҮШЕЙДІ

Шымкентте қоғамдық көлік қызметіне қойылатын талап күшеймек,  деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Қалада жолаушы тасымалдаушы компаниялардың ісін арнайы құрылған жұмыс тобы бақылауды бастады. Олар 10 күн бұрын сала жұмысына жауаптылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ескерту берді. Бұдан былай тәртіпке бағынбағандарға аяушылық жоқ. Қала билігі тасымалдау талаптарын бұзған компанияларды бірден жұмыстан шеттетін болды.

Жұмыс тобының құрамында әкімдік пен жолаушы тасымалы қауымдастық өкілдері, көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті полиция мамандары бар.  Комиисия мүшелері автобустарды жол үстінде тоқтатып, көлік компанияларының қызмет сапасы туралы жолаушылардың ой пікірін тыңдады. Жұрттың дені қоғамдық көліктердің жүру жиілігіне наразы.

Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында да автобустардың қызметіне көңілі толмайтындардың қатары жиілеген. Қала әкімі Ерлан Айтаханов ел пікірін ескеріп, көлік қызметін реттеуді қолға алып отыр. Құрылған комиссияның миссиясы да сол – автобустардың жұмысын жүйеге келтіру.

Дархан Қаюпов – «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы: Жолаушы көлігіне жауапты басшы қызметінен кетті. Енді осы орынға таза, әділ адам келсе деген үміт бар…

Миллиондар мегаполисінде 78 бағытта 1 161 көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олар күнделікті 500 мың тұрғынды тасымалдайды. Қордаланған мәселе көп. Шешімі біреу дейді қауымдастық төрағасы. Халыққа мінсіз қызмет етуге құлықсыз компанияларды жұмыстан шеттету керек. Ал, келер жылдан бастап, электронды билет жүйесі жүзеге асады. «Сонда, аялдамаларда айғайға басатын кондукторлардан да арыламыз»,- дейді салаға жауаптылар.

 

Пікір жазу