Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар

Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар

Бүгін Шымкент қаласының Әділет департаментінің тіркеу қызметін ұйымдастыру бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерінің қатысуымен Жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қызметі бойынша мемлекеттік стандарттардың нормаларын түсіндіру тақырыбында семинар кеңес өткізілді.
Семинардың басты мақсаты — жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу барысында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және заңдылықтардың сақталуы, сондай-ақ тіркеусіз кері қайтарулар, мемлекеттік тіркеуден бас тарту, уақытша тоқтатулар санын азайту .
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің өзгеруін ескере отырып, оқыту семинарларын одан әрі өткізуге мүдделілік білдірді.
Және де, ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 16 бабының 10 тармағын орындау мақсатында, Бизнес сәйкестендіру номерлерін иемденбеген коммерциялық ұйымдар бойынша мәжбүрлі түрде тарату үшін талап арыздар дайындалып, сотқа беру жұмыстарын аяқтау айтылды.
Бұдан бөлек, ЖМТДҚ және ЗТМДҚ деректер қорына түзетулер енгізу барысында талаптарды қатаң сақтау тапсырылды.

Пікір жазу