Шымкент қаласында Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта мектебінің ауласынан жолда жүру алаңшасы ашылды. Оқушылар жол ережесін мектеп кезінен білсін деп салынған алаңшаны Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Қозбахов Шыңғыс өз қаржысына салып берген.
Ашылу салтанатына ардагер ұстаздар, Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев, депутат Н.Бұхарбай және бұаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында оқушылар жолда жүру алаңшасында жол ережесімен жүріп, полицей оқушылардың нұсқамасын тыңдады. Сондай-ақ бағдаршамның түстері, жол белгілері туралы жаттауларын айтып, өз өнерлерін көрсетті. Соңында халық қалаулылары ағаш отырғызып, мектеп басшылығы мен оқушыларға білім жолында сәттілік тіледі.
Білім ұясына демеушілік жасаған Шыңғыс Лесбайұлына Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаеваның алғыс хаты табысталды.
Соңғы уақытта Шымкент қаласында көлік санының күрт артуын ескерсек, балалардың қауіпсіздігі үшін мұндай алаңшаның тиігер көмегі үлкен.