Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте бал жәрмеңкесі өтуде

Шымкентте бал жәрмеңкесі өтуде

Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионның алдында Шығыс Қазақстан облысының танымал омарташыларының өндірген балдарының жәрмеңкесі өтуде.

Алтай тауларының бауырында өсетін мыңдаған дәрілік шөптерден дайындалған 90 жуық түрлі бал шымкенттіктерге арзан бағада ұсынылуда.  Қатон-Қарағайдың жұпар иісі аңқыған әселіне қол жеткізе алмай жүрген жандарға зор мүмкіндік берілді. Алтай балы жәрмеңкесі үшінші мегаполисте үш күнге созылады. Шығысқазақстандық омарташылардың қаламызда бал жәрмеңкесін өткізуі бірінші емес.

Нағыз табиғи, еш қоспасыз дайындалған балды қысқы маусымға арнап алып қойғанның еш  зияны жоқ.

Жалпы мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

 

Пікір жазу