Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында танымдық шара өтті

«Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында танымдық шара өтті

Жуырда Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №7 Қарсыбай Спатаев атындағы мектеп — лицейінде «Қыз болашағы -ел болашағы» атты декада аясында «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Дана халқымыз ертеден «Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жерді көркі», «Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда», деп қыз баланың тәлімі мен тәрбиесін жоғары бағалап, қыз баласын адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке, сұлулық пен сымбаттылықа баулып отырған. Өткізіліп отырған танымдық іс-шара оқушыларды осы және өзге де тақырып аясында ақ жаулықты аналарымыздың өнегесін тыңдап, түрлі салт — дәстүіріміздің үлгісін тамашалады. Кеш барысында оқушылар өздері қолдан жасаған бұйымдарынан көрме жасады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сеніміміз мол. Сондай-ақ қыз тәрбиесі жайында ұйымдастырылған танымдық кештің оқушыларға берері тәлімі жоғары деп білеміз.

Пікір жазу