Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Кітапханада «Өзіне — өзі қызмет көрсету күні» өтті

Кітапханада «Өзіне — өзі қызмет көрсету күні» өтті

2019 жылғы 12 қараша күні «Отырар» қалалық ғылыми — әмбебап кітапханасында «Өзіне — өзі қызмет көрсету күні» өтті.

Шараны ұйымдастырудағы біздің мақсат – кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, қала тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту, кітапханаға келген оқырмандардың көкейтесті сауалдары мен ұсыныстарын бақылау, сондай-ақ, оқырмандардың кітапхана қызметкеріне деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.

Бұл күні мәдени мекеменің оқырмандарға қызмет көрсететін бөлімдерінің тұрақты да мәртебелі оқырмандары кітап оқуға келген оқырман қауымға қызмет көрсетіп, сұраныстарын орындады.

Бұл шараға әсіресе, жасөспірім мектеп оқушыларының қызығушылық білдіріп, белсенділік таныта отырып қатысқандары көңіл қуантады. Қазіргі интернет дамып, барлық адамзат баласын телефонға телміртіп қойған заманда, балаларға қолдарына кітап алып, ғылыми, көркем немесе басқа да кітаптардан білімдерін тереңдеткеннің пайдасы ұшан  — теңіз. Осындай ойлардың бірін мақсат тұтып ұйымдастырған кітапхана ұжымына алығысым шексіз.  Шара жалғасын табады деп сенеміз.

Пікір жазу