Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кездесу: Полиция басшысын жастардың болашағы алаңдатады

Кездесу: Полиция басшысын жастардың болашағы алаңдатады

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында бөлім бастығы, полиция полковнигі Е.Нуралиевтың бастамасымен келелі кездесу болды. Бұл жолғы кездесуге ауданның барлық білім ошақтарының директорлары, олардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары және «Жастар» орталығының қызметкерлері қатысты, деп жазады Түркістан облысы полиция департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Бас қосуда күн тәртібіне қойылған мынадай мәселелер, яғни Сарыағаш ауданы көлемінде жасы кәмелетке толмағандармен, мектеп оқушыларының қатысуымен орын алған қылмыстар, құқықбұзушылықтар, олардың алдын алу мен болдырмау, жасөсіпірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтар кеңінен талқыланды.
Сарыағаш АПБ-нің басшысы, полиция полковнигі Е.Нуралиев жиналысқа қатысқан әрбір қатысушының ой-пікірімен бөлісіп, жасөспірімдердің болашағы үшін ортақ істерді бірлесе атқаруға шақырды.


Мәселен, полиция басшысының айтуы бойынша «Сарыағаш ауданында 2019 жылдың 12 айында жасөспірімдердің қатысуымен 30-ға жуық құқықбұзушылық орын алса, 2020 жылдың 1 айында 1-еуі тіркеліп отыр. Сондықтан ағымдағы жылда неғұрлым қылмыстар санын азайту немесе болдырмау үшін, осы бастан қамданып, мектепте ұстаздар мен мектеп инспекторлары тарапынан жасөспірімдерге қадағалауды күшейткен жөн.»-деді.
Жалпы статистикаға сүйенер болсақ, Сарыағаш ауданында 79 мектеп пен 54 мыңнан астам жас болса, оларға бөлінген аудандық полиция бөліміндегі ювеналдық полиция қызметкерлері — 15. Полицейлер тарапынан күндізгі және түнгі рейдтер ұдайы жүргізіліп, профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдердің мекен жайлары үнемі қадағаланып тұрады.

Пікір жазу