Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Елбасының жарлығына сәйкес аудан әкімі Бауыржан Омарбеков Төлеби аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулерін қорытындылады, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Төлеби ауданы әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстары арнайы дайындалған бейнероликпен көрсетіліп, 2020 жылы ауданымызда атқарылатын жұмыстарының бағыттарын баяндады. Есептік кездесуге халық белсене қатысып, өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойды. Аудан тұрғындары 2019 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, аудан әкімінің 2020 жылы ауданды дамытуға бағытталған мақсаттары мен міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, күн сайын ақпарат ретінде жарияланатын болады.

Пікір жазу