Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » РУХАНИ МЕКЕНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

РУХАНИ МЕКЕНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Ағымдағы жылғы 5 ақпан күні Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының бизнес өкілдері алдындағы есептік кездесуі өтті, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Кәсіпкерлерді қолдау мен қорғауға бағытталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкері Ғабит Жүндібаев, облыстық Кәсіпкерлер Палатасаның Өңірлік Кеңесінің төрағасы Қ.Абасов пен өңірлік кеңес мүшелері, сондай-ақ облыстағы бизнес өкілдері қатысты.

Басқосу барысында кәсіпкерлердің құқығы мен бизнес жүргізудің тиімді жолдары талқыланып, 2019 жылы аудан және облыс бойынша бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау бойынша күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер ортаға салынып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін шектейтін, келісілмеген әрекеттер қарастырылды.

Шара соңында жиынға қатысушылар толғандырған мәселелер аясында бірқатар сауалдарын жолдап, толыққанды жауап алды.

Пікір жазу