Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрмыс терезесін қоғаммен теңестіру бүгінгі таңда Түркістан облысында кеңінен насихатталып, кең көлемде іске асуда. Сол қатарда Келес ауданы да бар. Қайырымдылық жасау — адамның асыл қасиетінің бірі.
«Әлеуметтік қамқорлық» жобасын іске асыру бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Куралбаева, Абай ауылының көмекке зәру мұқтаж, отбасыларының тұрмыстық материалдық жағдайын зерделеп, оның ішінде, жалғызбасты ананың үй жайын көріп, жұмыссыз екендігі анықталып қоғамдық ақылы жұмыс ұсынылды. Қаралған отбасыларға мемлекет және демеушілер тарапынан алдағы уақытта әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін болатынын түсіндірді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай ауылдық округінде де аудандық мәслихат депутаты Жүзенов Амангелді Асабаев Сейдилланың отбасына арнайы барып, қыстықтан қиналмауы үшін бір машина отын алып берді. Бозайлық тұрғын 7 баласы бар, жұбайымен заңды ажырасқан. Балалары сот шешімімен әкесінде қалған. Мемлекеттен 2019 жылы Атаулы әлеуметтік көмек берілген. Аталған отбасыға ауыл кәсіпкерлері үнемі азық-түлік, кейбіреулері өз зекеттерін қой, сиыр, сонымен қатар, ақшалай көмектерін беріп тұрады.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі