Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары аудан, ауыл аралап, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауда. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдау үшін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Келес ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
«Қарапайым азаматтардың сұранысы мен ұсыныстары – ұдайы назарда. Әрқайсысының өтініш-ұсынысы, арыз-шағымы, арман-тілегі әртүрлі. Көбісі бұған дейін талай есікті қағып, талай табалдырықты тоздырған. Ендігі үміттері ақталу үшін кеңес беріп, нақты көмек ұсынамыз. Өйткені бәрі де арнайы келгендегі айтқан мәселелері оң шешімін тапса екен дейді», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Қабылдауға келген азаматтар кәсібін дөңгелету үшін несие сұрап келген. Олардың жолдары қарастыратын болды. Басым бөлігі баспана мен жерге мұқтаж, екендерін айтты. Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлік саласындағы оңтайлы жобаларды түсіндіріп, көтерілген өтініш-тілектердің орындалуына байланысты аудан әкімі мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.