Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН НАРЫҚТАҒЫ БАҒАДАН 20% ТӨМЕН САУДАЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН НАРЫҚТАҒЫ БАҒАДАН 20% ТӨМЕН САУДАЛАДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастамасымен Түркістан қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне  сілтеме жасаған didarbek.kz.

Басты мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларының бағасын өсірмеу. Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері және «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өздерінің тауарларын сатылымға шығарды.


Жәрмеңкеге 13-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 2 млн теңгеден астам 19,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарға базар нарқынан 15-20% төмен бағада ұсынылды.
Жәрмеңкеде негізінен әлеуметтік маңызы бар азық — түлік өнімдері саудаланды. Аталған шара бағаларды маусымдық қымбаттаулардан тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылады.

Жәрмеңке тұрақты түрде келесі күндері: 2020 жылдың 22 ақпан, 7, 21 наурыз, 4 сәуір айларында өткізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.

Пікір жазу