Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕКІТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕКІТІЛДІ

Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын талапқа сай келтіру үлесін 2020 жылы 77,6 пайызға жеткізу көзделген. Автомобиль жолдарына жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Жолдардың сапасын арттырып, жол жүру қауіпсіздігін күшейтуге қатысты осы және өзге де жоспарлы жұмыстар Сарыағаш ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен көшпелі мәжілісте айтылды. Жиынға барлық тиісті басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

Биыл облыс бойынша 15 380 шақырым жолдың шұңқыры жамалып, 45 мың шақырымдай жерде тегістеу қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 2000 жарықшамдар орнатылмақ. Жиналыста жол көлік оқиғаларының саны артқаны жайлы айтылды. Аймақ басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін толық талдау жасап, тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Осы орайда жол белгілері, бағдаршам мен жылдамдықты өлшеу құралдары көбейтілмек.

Облыс аумағында жалпы пайдаланымдағы жолдар мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 16 746 94 шақырымды құрайды. Жол апаттарының басым көпшілігі ауданаралық, жаңа жолдарда орын алуда. Басты себеп – көлікті жоғары жылдамдықта басқару.

Мәжілісте сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, өңірдегі этносаралық қарым-қатынас пен шекара маңы аудандарындағы заңдылықтардың сақталу барысы баяндалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құқық қорғаушыларға бұл тұрғыда қырағылық танытып, халықтың тыныс-тіршілігін жіті назарда ұстауды тапсырды.

 

 

 

 

Пікір жазу