Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТА СҮТ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ

ҚАЗЫҒҰРТТА СҮТ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ

Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев өткен жылды қорытындылап, ел алдында есеп берді. Жылды қорытқан жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев арнайы қатысты. Аудан басшысы өткенді екшеп, болашаққа бағдар жасады, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

«Ағайынның ынтымақ-бірлігі мен еселі еңбегі бірқатар жоспарларға қол жеткізуге мүмкіндік береді». Осылай деген аудан әкімі әуелі бюджет бүйірін томпайтқан шаруаларға шолу жасады. Өткен жылы қазық жұртта  инвестиция көлемі 19 851,1 млн. теңгеге орындалған.  Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 105,7 пайызды құрайды.  Өнім өндіру көлемінің басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері саласында.

Төлеген Телағарев — Қазығұрт ауданының әкімі: Атқарылған шаруа аз емес. Бірақ алға қойған мақсат – одан да биік. Айталық,  «Қазығұрт» индустриялдық аймағын барынша дамыту ісі – алғашқы орында тұр. Таяу күндері  «Асыл бастау.кz» атты серіктестік құны 602,7 млн. теңгелік өндіріс орнын ашпақшы. Зауытта Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндірілмек.

Өмірзақ Мустафаев — Қазығұрт ауданының тұрғыны КСМ: Қазығұртта  атакәсіп ауыл шаруашылығымен айналысып жүргендер көп. Былтыр жалпы өнім көлемі 38 млд 746 млн. теңгеге орындалды. Ал  көкөністен 12 678 тонна, бақшадан 3620 тонна, ақтүйнек 8070 тонна  өнім жиналды.

Спикер: Бахрам Сабитов — Тұрбат ауылының тұрғыны: Жиын барысында  аудан басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлеріне құлақ түрді. Көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті. Атқарушы органдар ел тұрғындарымен тығыз байланыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, ел ертеңіне аянбай қызмет етуіміз қажет,- деді Төлеген Телғараев. Жиын соңында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев ауданда атқарылған жұмыстарға сараптама жасап оң бағасын берді.

Ұлан Тәжібаев — Түркістан облыс әкімінің орынбасары: Барлық мәселені бір күнде немесе бір айда шешіп тастау мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі есепті кездесулерде айтылған сын-ескертпелердің бәріне дерлік зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға биылдың өзінде 21 азаматқа 37,0 млн. теңге жастардың гранты берілді. Онда құс, бөдене жұмыртқасы, түйіршіктелген құрама жем, шағын жылыжай, құлпынай өсіретін жобаларға қолдау көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу