Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА 400-ДЕН АСТАМ АТА-АНА БАС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДА 400-ДЕН АСТАМ АТА-АНА БАС ҚОСТЫ

«Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбы Түркістан қаласында өткен республикалық ата-аналар форумына негіз болды. Маңызды мәселені талқылауға Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, кәсіподақ кеңесінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастар ұйымының мүшелері атсалысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

Мақсат –ата-аналарды білім саласындағы озық трендтерімен, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру және педагогикалық, психологиялық сауаттылығын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру. Сондай-ақ, қоғам назарын білім саласына аудару, педагог мәртебесін көтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге үндеу. Ауқымды шараға 400-ден астам ата-аналар қатысты.

«Әсіресе отбасында көп көңіл бөлінбейтін балалар жылулықты сырттан іздей бастайды. Олардың арасында түрлі оқиғаларға тап болып, тығырықтан шыға алмай қалатыны болады. Осыдан бала бойында қатігездік қасиет, ал ата-аналарда тәрбиеге көнбейтін бала деген ұғым қалыптасады. Балаларымыздың жаны мен тәні аман болсын десек, бірлесе жұмылған жөн. Ата-ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасы мен олармен қарым-қатынасы қалыпты болуы керек»,-деді жиын барысында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев.

Облыстың бас ұстазы бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту үшін, өңірдің барлық білім ұяларында рухани-адамгершілік тәрбиенің дамуына тікелей ықпал ететін шаралар жайлы атап өтті.

Отбасылық тәрбиені, әсіресе, әкелермен жұмысты нығайту бойынша былтыр «Әкелер мектебі» ашылды. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында 800 ардагерлер, 900 әкелер, 709 тәлімгерлер кеңесі жұмыс жасайды.

 

Пікір жазу