Төлеби аудандық прокуратурасының бастамасымен, мобильді топ мүшелері, аудандық полиция бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі бірлесе отырып жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың және кәмелет жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта жүруінің алдын алу мақсатында Ленгір қаласының көше бойлары, саябақтары, ойынханаларында түнгі рейд жұмыстарыН жүргізді, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Қызметкерлер кәмелетке толмағандардың жаппай болатын орындарына келушілердің жасына ерекше көңіл бөлді.
Рейд барысында Ленгір қаласындағы «Bunker» ойынханасында кәмелет жасқа толмаған жастар болмаған. Ал, «Фиркан» дүкенінің жанында орналасқан «Playstation» ойынханасында 3 кәмелет жасқа толмаған жасөспірім анықталды. Сонымен бірге, Киелітас ауылдық округіне қарасты Сұлтан рабат елді мекенінде Сауран көшесінің бойында 3 кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер болған. Оларға «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабының, 2 бөлігіне сәйкес кәмелет жасқа жетпеген балалардың ата-анасыз баспанадан тыс жерде түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жалғыз жүруіне болмайтыны» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түнгі рейд барысында түнгі уақытта анықталған жасөспірімдерге тиісті мекемелер атынан ата-аналарына ескерту хаттамалары толтырылды. Мұндай жағдайлардың қайталанбауы жасөспірімдерге, түрлі ойын-сауық орталықтарының иелеріне ескертіліп, түсіндірілді.
Жоғарыдағы айтылған мәселелер негізінде Төлеби ауданының прокуратурасы аудан көлемінде кәмелет жасқа томаған балалардың ата-аналарына түнгі уақытта қараусыз жүрмеуін қадағалауды, жүргізілген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қаралатынын ескертеді.