Төлеби ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол берме мақсатында семинар өткізілді, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында.
Осы мақсатта, Төлеби ауданы прокуратурасының бастамасымен құрылған мобильді топ мүшелері балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеуге байланысты Ленгір қаласындағы №4 Қ.Сәтпаев атындағы, №7 және №3 жалпы орта мектептерінің оқушыларымен кездесті. Семинар барысында қоғамда болып жатқан жастар арасындағы қылмыстың белең алуы, суицид, әлімжеттік, мектеп қабырғасындағы ерте жүктілік сынды мәселелерді алдын алу және болдырмау шаралары бойынша лекция оқылды.
Кездесу соңында аудан прокуроры Д.Тлемисовке оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауаптар беріліп, жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың, суицидттің зардаптарын айтып, оның алдын алу жолдарын түсіндірді.
Бұл жұмыстар ары қарай басқада білім ошақтарында жалғасын табатын болады.