Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

ОТЫРАРДА БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігіне қарасты аумақтық органдар, Қазығұрт аудандық полиция бөлімі мен ауданның төтенше жағдайлар бөлімі басшыларының есептері тыңдалды, деп жазады «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Ауылды жерлердегі халықтың негізгі күн көрісі мал шаруашылығы болып табылатындықтан, мал ұрлығы қылмысы өзекті мәселе. Дегенмен, аудан бойынша бақташы, мал иесі және жергілікті атқарушы органдары арасында үш жақты келісім шарт жобасының жасалуымен, жалпы мал ұрлығы бойынша көрсеткіштер жылдан-жылға төмендеп келеді. Яғни 2017 жылы – 95, 2018 жылы – 89 болса, 2019 жылы – 58 қылмыс тіркелген.

Ал төтенше жағдайлар бойынша, аудан аумағында орналасқан 1 өрт сөндіру бөлімі мен 2 өрт сөндіру бекеті арқылы тілсіз жаудың алдын-алу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Дегенмен климаттық жағдайларға байланысты, аудан көлемінде орын алған өрттер 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 20 пайызға өскен. Алдағы уақытта техникаларды жаңарта отырып өрттен келетін шығындарды азайту көзделуде.

Қазығұрт АПБ мен ТЖБ-де, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнаманы басшылыққа ала отырып, бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіліп келеді.

Мәжіліс барысында, комиссия мен Кеңес мүшелері тарапынан, бөлімдерге қатысты өзекті мәселелер бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Нәтижелі пікір алмасылды. Мәжіліс қорытындысына орай, бөлім басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.

 

Пікір жазу