Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Вирустардың алдын алу жағдайлары талқыланды

Вирустардың алдын алу жағдайлары талқыланды

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында медицина мамандарымен кездесу ұйымдастырылды, деп жазады Түркістан облыстық Полици департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Кездесуге Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы жедел жәрдем бекетінің дәрігері А.Нурмахашев пен АПБ-нің уақытша ұстау изоляторының фельдшері М.Нурмахашева мен аудандық полицейлер қатысты.
Қандай да бір вирус анықталған сәтте қандай шара қолдану мен қалай қорғану қажеттілігі, оған қоса сақтық шаралары осы бас қосуда мұқият баяндалды.


Жалпы жұқпалы вирустар инфекциясының алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жедел респираторлық вирустық инфекция көріністері бар адамдар анықталған жағдайда оларды уақытылы аумақтық инфекциялық ауруханаларға жолдаумен, Сарыағаш АПБ-нің ғимаратында күшейтілген желдетуді жүргізу және дезинфекциялау шараларын ұйымдастыру қажеттігі туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар бас қосуда полиция қызметкерлері тарапынан жоғарыда аталған мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, дәрігерлерден толыққанды жауаптар алынды.

Пікір жазу