Бүгін Түркістан қаласына еліміздің Бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы іссапармен келді.
Өңіріміздің киелі жерлеріне аяқ басып келген Бас Мүфтиді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов күтіп алып, алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, құран бағыштады.
Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Кездесу одан әрі Бекзат Саттарханов даңғылында орналасқан «Хилует» мешітінің құрылыс барысымен жалғасты. Бұзылу жұмыстары аяқталған мешіттің орнына жаңа мешіт салу жоспарланған болатын. Бүгінде жұмыстар өз деңгейінде жүруде.
⠀
Сонымен қатар, «Отырар» шағын ауданында құрылысы басталған 5000 адамдық мешіттің бүгінгі жұмысын бақылады.
⠀
Одан әрі, «Жаңа қала» аумағын көріп, Түркістан облысы әкімдігінің ғимаратынан қаланың болашақ көрінісі мен нысандарын тамашалады.
⠀
Наурызбай қажы Тағанұлы түрленген Түркістанның бүгінгі келбетіне, рухани астананың күн санап даму деңгейіне жоғары бағасын берді.