Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің» кезекті отырысы өтті.
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім, Диалог, Болашаққа нық қадам — «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғыру бағдарламасы аясында жұмыстар қарқын алуда.
Отырыста күн тәртібіндегі Аудандық ішкі істер бөлімінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қаржысын тиімді пайдалану жөніндегі атқарылып отырған жұмыстарға сараптама жүргізу және қорытындысы бойынша басшының міндетін уақытщшша атқарушы Әбілхан Мұраттың 2017,2018,2019 жылдары атқарған есебі тыңдалды. Жиынға аудандық Партиялық бақылау комиссиясы мен Қоғамдық Кеңестің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Берілген есепке бірауыздан «қанағаттанарлық» деген баға берілді.